Выберите язык

С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
1 қыркүйек – Білім күні!

1 қыркүйек – Білім күні!

1 қыркүйек – Білім күніне орай 6 «А» сыныбында сынып жетекшісі Көлбай Алма Үсенқызы «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясындағы табиғатты қорғау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау құндылықтарын түсіндіру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған жердің тазалығын сақтауға және қоғамдық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау, туған жерге қамқорлық жасау туралы пікір алмасты. Әрбір азаматтың ел тазалығы мен табиғаттың болашағына қосар үлесі маңызды екеніне назар аударылды.
 789178009 2497952147335493 6445170554838842372 n 789539150 2497952157335492 5046875761158042156 n 789580387 2497952254002149 5708516705560769873 n