








Отырар ауданы «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылғы 25 мамыр күні «Мектебім, саған мың алғыс» тақырыбында мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараны мектеп директоры Әріпбек Әділхан Әсілханұлы ашып, мектеп бітіруші түлектерді құттықтады. Өз сөзінде түлектерге ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары нәтиже көрсетіп, өздері қалаған жоғары оқу орындарына түсіп, армандаған мамандық иесі атануларына тілектестік білдірді.
Салтанатты жиында облыстық және республикалық деңгейде білім мен спорт салаларында жетістікке жеткен оқушылар жетекшілерімен бірге марапатталды.
Мектеп бітіруші түлектер ақын М.Шахановтың сөзіне, композитор Ш.Қалдаяқовтың әніне жазылған «Ақ бантик» әнін және ақын Қадір Мырза Әлідің сөзіне, композитор Ескендір Хасанғалиевтің әніне жазылған «Атамекен» әнін хормен орындап, іс-шара қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Сонымен қатар, «Он жылдықтар тоғысында» атты бөлімде мектеп бітіргендеріне 10–20 жыл болған түлектер бас қосып, мектеп бітірушілерге ақ тілектерін арнап, ұстаздарға жылы лебіздерін білдірді.
Іс-шара мектеп бітіруші түлектердің орындауындағы «Соңғы қоңырау» әнімен қорытындыланды.







13.05.2026 жылы «С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №281 бұйрығы негізінде «Адал ата-ана — Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың басты мақсаты — бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-ана жауапкершілігін арттыру және жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған маңызды мәселелерді талқылау болды.
Кездесу барысында балалардың судағы, жолдағы және түнгі уақыттағы қауіпсіздігі, құқықтық жауапкершілік, интернет қауіпсіздігі сынды өзекті тақырыптар қозғалып, ата-аналарға нақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің бірлескен жауапкершілігі ерекше атап өтілді.
Жиналыс барысында ата-аналарға оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігіне байланысты арнайы қауіпсіздік парақтары таныстырылып, әр ата-анадан баланың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау мақсатында өзара келісім парағына қол қойғызылды. Бұл — бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мектеп пен ата-ананың ортақ жауапкершілігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
«Балаға берілетін ең үлкен қамқорлық — оның қауіпсіздігі мен жарқын болашағына жасалған қадам» екенін еске салған мазмұнды жиын ата-аналар тарапынан қолдау тапты






«Адал азамат» біртұтас бағдарламасы аясында және Түркістан облысының білім басқармасының «Адал ата-ана – Қауіпсіз балалық шақ» өңірлік тұжырымдамасы негізінде 11 сынып ата-аналарымен «шоктық терапия» әдісімен «Адал ата-ана – Жауапты жасөспірім» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың басты мақсаты – оқу жылының аяқталуы кезінде түлектердің қауіпсіздігі мен психологиялық саулығын қамтамасыз ету, мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестікті нығайту болды. Ата-аналармен:
*мектеп бітіру іс-шараларындағы орынсыз шығындарды (банкет, кортеж) шектеу туралы;
*мұғалімдерге заңсыз сыйлық берудің алдын алу туралы заңнамалық түсіндірмелер берілді;
*түлектердің қауіпсіздігі мен құқықтық жауапкершілігі талқыланды.
Слайдтар, заңнамалық үзінділер, қауіпсіздік туралы бейнероликтер көрсетілді.
Мектеп бітіруші – бұл ертеңгі азамат. Оның қауіпсіздігі мен заңды сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы – біздің ортақ міндетіміз.
"С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15.05.2026ж 6 «Ә» сынып жетекшісі Ф.Турымбетова «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға жаз мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіру, өмір қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастыру және түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу.
Іс-шара барысында суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік, жолда жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі, электр құралдарын пайдалану, күннің ыстығынан сақтану және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі сақтық шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.
Сынып сағаты оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсінуіне ықпал етті.
18 мамыр күні 2 “Ә” сынып оқушыларына «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында бірыңғай жеке қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сынып жетекшісі Р. Айдарбекова оқушыларға үйде, аулада және бейтаныс адамдармен сөйлескенде өзін қауіпсіз ұстау жолдарын түсіндірді.
Сабақ барысында балаларға қауіпсіз мінез-құлық ережелері, қауіпті жағдайларды тану және дұрыс шешім қабылдау дағдылары үйретілді. Оқушылар түрлі жағдаяттарды талқылап, бейтаныс адамдарға есік ашпау, жеке ақпаратты айтпау, күмәнді жағдайда ата-анаға немесе үлкендерге хабарлау қажеттігін білді.
Сонымен қатар әлеуметтік желідегі қауіпсіздік ережелері де түсіндіріліп, бейтаныс адамдардың хабарламасына жауап бермеу, жеке фото мен ақпаратты жібермеу туралы айтылды.
Мұндай тәрбиелік маңызы зор сабақтар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, жазғы демалысты қауіпсіз өткізуге бағыт береді.


С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сергек» әдістемелік бірлестігінің «Спорт – серігіміз, денсаулық – болашағымыз» тақырыбындағы онкүндік аясында 2026 жылдың 28 сәуірі күні теннис үйірмесінің жетекшісі Әйменов Жаңабай 6–9 сынып оқушыларына «Ракетканы ұстау әдіс-тәсілдері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында қауіпсіздік ережелері жан-жақты түсіндіріліп, оқушыларға ракетканы ұстаудың негізгі түрлері – Shakehand және Penhold әдістері үйретілді. Сонымен қатар, оқушылар дұрыс ұстау техникасын тәжірибе жүзінде орындап, өз дағдыларын жетілдірді.
Ашық сабақ оқушылардың қызығушылығын арттырып, спортқа деген ынтасын оятуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.




Отырар ауданы «С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бейбітшілік – ел тілегі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін оқушыларға таныстыру, олардың бойына ынтымақтастық, достық сезімдерін қалыптастыру, Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, әртүрлі халықтардың мәдениетімен танысып, бірлік пен татулықтың маңызын ұғынды.
Аталған іс-шара «Шабыт» үйірмесінің жетекшісі А. Актуреев пен тәлімгер А. Майлыбайдың ұйымдастыруымен өткізілді.



«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігіне орай балалар жазушыларын таныту мақсатында танымал балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасынан үзінді қойылды. Балаларға қызықты болды әрі кейіпкерлерімен етене танысты. Шығармада Қожаның ішкі күресі мен өсуі сипатталады. Ол өз мінезін түзеткісі келеді, тәртіпті, жақсы оқушы болуға ұмтылады. Бұдан өзге Б.Соқбақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді», «Қайдасың, Гауһар» секілді шығармалары бар.

