С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

Ағылшын тілін оқыту үдерісінде жасанды интеллект пен құндылықтарды біріктіру арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін арттыру» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға білім беру ұйымдарынан 30 аса мұғалім қатысты.

16.04.2026 күні ағылшын тілі пәнінен аудандық семинар өтті.

Отырар ауданының білімінің бас маманы Төлендиева Қаракөз, әдістемелік кабинетінің әдіскері Сапарова Гүлбану жылдық жоспарына сәйкес С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектебі базасында ағылшын тілі пәнінен «Ағылшын тілін оқыту үдерісінде жасанды интеллект пен құндылықтарды біріктіру арқылы оқушылардың оқу

жетістіктерін арттыру» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға білім беру ұйымдарынан 30 аса мұғалім қатысты.

Семинардың мақсаты: Ағылшын тілін оқыту үдерісінде жасанды интеллект пен құндылықтарды біріктіру арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін арттырудың тиімді әдістерін зерттеу және педагогтердің тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.

🔹 Іс-шара барысында:

– Қатысушыларға жылы қарсы алу көрсетіліп, семинар бағдарламасымен таныстырылды;

– Әріптестер ашық сабақтарға қатысып, тәжірибе алмасты;

Ашық сабақтар барысында мұғалімдер өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруда цифрлық құралдардың тиімділігін дәлелдеді. Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстар айтылды. Іс-шара жоғары деңгейде қорытындыланды.

672681328 2374660279664681 538268898351781545 n672683456 2374660286331347 3830984280541980545 n672965380 2374660312998011 6492091371266761638 n