«Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қаңтар айының 26 жұлдызында бастауыш сынып мұғалімі Айдарбекова Раушан Жалгасбеккызы 2 «Ә» сыныбында математика пәнінен " Көбейту амалының компоненттері арасындағы өзара байланыс " тақырыбында «Ақылдасу» сабағын өткізді. Мұғалім сабақты оқушылардың көңіл- күйлерін тұрақтандырып алу мақсатында «Сабаққа дайындық» қимыл жаттығуларын орындатты. Сабақты ЖИ көмегімен жасалған қазақи образдағы ұстаздың тақырып пен мақсатты таныстыру бейнеролигінен бастады. Өткен сабақты «Wordwall» қосымшасындағы тапсырмалар арқылы пысықтады. Жаңа сабақты ЖИ көмегімен жасалған бейнеролик арқылы түсіндірді. Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстар орындалды. Сабақтың қызық әрі тартымды сәті сергіту сәтімен жалғасты. Оқушылар барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, сабаққа белсене қатысты. «Ойлан, тап!» тапсырмасын орындауда балалардың танымдық қабілеттері арта түсті. Сабақ соңында "Бәйтерек"әдісі арқылы кері байланыс жасалды. Сабақ өз мақсатына жетіп, балалар көбейту амалының компоненттері арасындағы өзара байланысты меңгерді.






