С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

Алгорифм» пән-әдіс бірлестігінің ұйымдастыруымен математика және информатика пәндері онкүндігінің ашылуы болды.

«Жасанды интеллект дәуіріндегі математика және информатика» онкүндігі басталды.

12.01.2026 күні С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектепте «Алгорифм» пән-әдіс бірлестігінің ұйымдастыруымен математика және информатика пәндері онкүндігінің ашылуы болды.

Онкүндіктің негізгі мақсаты:

🔹 оқушылардың математика және информатика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру;

🔹 жасанды интеллект, цифрлық технологиялар туралы білімдерін кеңейту;

🔹 логикалық, сыни және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;

🔹 дарынды, ізденімпаз, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру

Бұл онкүндік – оқушылар үшін өз білімін көрсетуге, ал ұстаздар үшін тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік. Барша қатысушыларды белсенділік танытып, іс-шараларға атсалысуға шақырамыз.

Болашақ – білім мен технологияны меңгерген ұрпақтың қолында! 🌍