шық сабақ: «IDE - мен танысу»
19.01.2026ж. С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Жасанды интеллект дәуіріндегі математика мен информатика" атты Алгорифм бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес информатика пәні мұғалімі А.Туленова 6 -сынып оқушыларна «IDE - мен танысу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында мұғалім әртүрлі тиімді әдіс-тәсілдерді, сондай-ақ жасанды интеллектке негізделген тапсырмаларды қолданды. Жұптық жұмыс кезінде оқушылар бір-бірін бағалап, белсенді кері байланыс берді. Сабақ соңында жеке тапсырмалар орындалып, оқушылардың жеке қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік жасалды.
Оқушылардың белсенділігі жоғары, сабақтың ұйымдастырылуы жүйелі болды.Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, жоспарланған нәтижелер көрсетілді.






