С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Ата мен немере әңгімесі»

«Ата мен немере әңгімесі»

Отырар ауданы «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 14.11.2025 жылы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес «Ата мен немере әңгімесі» тақырыбында «Аталар» мектебі мүшелері және мектеп оқушыларының қатысуымен тәрбиелік іс шара ұйымдастырылып өткізілді. Іс шара барысында «Ат ер қанаты» тақырыбындағы сахналық қойылым қойылып, мектеп мұғалімі Тұрсынбаев Бердібай мектеп оқушыларына ат әбзелдері туралы және балаларға жеті ата, жеті ұрпақ жалғастығы жөнінде мағұлматтар берді. Меккеге қажылық сапарға барып келген ұстаз М.Рысдәулетов қажылықты өтеу жолдары, Меккеден көрген таңғажайып дүниелер жөнінде әңгімеледі. Ауыл ақсақалы Әйменов Бекбатыр қажының «Ата мен немере әңгімесі» тақырыбындағы кітабында жазылған Бекбатыр қажының Меккедегі қажылық өтеген сәттері әңгімеленді. Тәрбиелік іс шараға қатысқан ауыл имамы Зәрнәби Нұрсұлтан мен ардагерлер ұйымының төрағасы Әбзейтов Әнуарбек мырзаларға оқушыларымыз салт дәстүрлеріміз және ұлттық тәлім тәрбие жөнінде сұрақтар қойып толық мағұлматтар алды. 

582124482 2246054649191912 4319326607760247266 n 582225915 2246054705858573 8995730370898529668 n582962733 2246054692525241 2244241718104803225 n583332525 2246054679191909 6045669264641749051 n