С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Басшы құрам, қызметкерлер мен білім алушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеті» тақырыбында оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылып өткізілді.

«Басшы құрам, қызметкерлер мен білім алушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеті» тақырыбында оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылып өткізілді.

Отырар ауданы «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 19.12.2025 жылы Отырар ауданы әкімінің орынбасары Т. Елекеев пен Отырар ауданы білім бөлімінің басшысы Қ. Шербаевтың бірлескен жоспарына сәйкес

«Басшы құрам, қызметкерлер мен білім алушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеті» тақырыбында оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымының төтенше жағдайлар кезіндегі азаматтық қорғау шараларын орындауға даярлығын пысықтау. Сондай-ақ, басшы құрам мен мұғалімдердің төтенше жағдай барысында азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыру көзделді.

Оқу-жаттығуға мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысып, төтенше жағдай туындаған кезде қауіпті аймақтан қауіпсіз аймаққа оқушылар мен қызметкерлерді оқшаулау және эвакуациялау әдіс-тәсілдері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

  599623517 2273806193083424 8560493576037450293 n600043545 2273806036416773 6828097777820792079 n   600327862 2273806136416763 843728254124077674 n 601455627 2273806113083432 2420838629612998706 n