С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Біріккен сөздер» тақырыбында ашық сабақ өтті

«Біріккен сөздер» тақырыбында ашық сабақ өтті

«С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Бексеиіт Анаркүл Жалғасбекқызы 08.12.25ж 4 «А»сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен «Біріккен сөздер» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушыларға біріккен сөздердің жасалу жолдарын түсіндіру; Оқушылардың тілдік қорын, логикалық ойлауын, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту көзделді.

Сабақ жылы атмосферада басталды. Мұғалім оқушыларға «Көгершінді ұшырайық» әдісімен тілектер айту арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сабаққа оң мотивациямен кірісті.Оқушылар қазақтың ұлттық өрнектерін таңдай отырып, үш топқа бөлінді.Сабақта wordwall платформасынан ойындар ойнатып,топтарға тапсырмалар беру арқылы тақырыпты аша түсті.Мұғалім оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру үшін қысқа сергіту сәтін өткізді. Әуенмен жасалған қимыл-қозғалыс жаттығулары балаларды белсендіріп, келесі тапсырмаларға дайындық жасады. Сабақта « Кітапхана,карта,сәйкестендіру,пазл әдісі қолданылды. ЖИ арқылы мұғалім оқушыларға цифрлық ресурстардан мысалдар көрсетіп, біріккен сөздердің құралу жолдарын түсіндірді.

Оқушылар экранда берілген сөздерді талдап, олардың қайсысы біріккен сөз екенін анықтады. . Сабақ соңында оқушылармен кері байланыс «Асық» әдісі арқылы жүргізілді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.

 

 595278216 2265946030536107 2007582511737223915 n 597658599 2265946020536108 4684769494235931441 n   595114395 2265946050536105 7659088950070417108 n