С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
Далалық әскери оқу-жаттығу жиыны

Далалық әскери оқу-жаттығу жиыны

С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ

🪖 Далалық әскери оқу-жаттығу жиыны

📌 Отырар ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі №23$2 бұйрығы, аудандық білім бөлімінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі №112 бұйрығы және мектептің 2025 жылғы 12 мамырдағы №141 бұйрығы негізінде 10-сынып оқушыларына арналған далалық әскери оқу-жаттығу жиыны 2025 жылдың 12–16 мамыр аралығында мектеп базасында өткізілуде.

👨🏫 Алғашқы әскери технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Ерденов Ерғазы оқу-жаттығу барысында оқушыларға саптық дайындық, әскери тәртіп негіздері, қауіпсіздік ережелері мен әскери құралдармен жұмыс жүргізу тәртібін түсіндіріп, тәжірибелік сабақтар өткізуде.

🔰 Оқушылар далалық жағдайда әскери дайындықтың негізгі элементтерін меңгеріп, тәртіптілік пен жауапкершілік дағдыларын қалыптастыруда. Сабақтар қызықты әрі мазмұнды ұйымдастырылып, жас жеткіншектердің патриоттық рухын арттыруда үлкен рөл атқаруда.

🇰🇿 Елін сүйген – ер болар!

 

 

 

и ещё 3

Все реакции:

51Aigerim Almahanova, Алпысбай Ибрагимов и ещё 49