7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай С. Әшіров жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптар “Өрімтал” пән-әдіс бірлестігінің “Жасанды интеллект – сапалы білім мен зияткер ұрпақ негізі” атты онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі Айдарбекова Раушанның ұйымдастыруымен “Денсаулық – өмір сәні” тақырыбында спорттық жарыс өтті.
8 турдан тұратын бұл сайыс бастауыш сынып мұғалімдері арасында өтіп, қатысушылардың ептілігі мен шапшаңдығын, командалық бірлігін айқындады. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ерекше көңіл-күй сыйлады.
“Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі!” - демекші, баршаңызды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз!










