С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

Елін сүйген ұлан – ертеңгі ел қорғаны» атты әскерге шақыру медиа жоспары негізінде ашық сабақ.

Елін сүйген ұлан – ертеңгі ел қорғаны» атты әскерге шақыру медиа жоспары негізінде ашық сабақ.

17 қыркүйек 2025 жылы «С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10–11 сынып оқушыларына арналған патриоттық негізде ашық сабақ өтті.

Іс-шараға Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы майор Бекмұрат Сұлтан, Ауған соғысының ардагері Бейсеев Орынбек, сондай-ақ мектебіміздің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Ерден Ерғазы қатысты.

Қонақтар жас буынға әскери борышты өтеудің маңызы, Отан алдындағы жауапкершілік пен азаматтық парыз жайлы әсерлі әңгімелерін жеткізіп, әскер қатарына шақырылуға дайындық жөнінде құнды кеңестер берді.

Бұл кездесу оқушылардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты арттырып, болашаққа сеніммен қарауға жігерлендірді. 🇰🇿✨