С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

“English and AI: A Step into the Future” тақырыбында ағылшын тілі онкүндігінің салтанатты ашылуы болып өтті.

26.01.2026 жылы С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектебінде “English and AI: A Step into the Future” тақырыбында ағылшын тілі онкүндігінің салтанатты ашылуы болып өтті. Іс-шара барысында оқушылар ағылшын тілінің заманауи технологиялармен, соның ішінде жасанды интеллектпен байланысы туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, жасанды интеллекттің білім беру саласындағы мүмкіндіктері, ағылшын тілін үйренудегі рөлі мен болашақтағы маңызы таныстырылды. Оқушылар өздерінің тілдік дағдыларын көрсетіп, шығармашылық тапсырмалар, интерактивті ойындар мен көріністер арқылы белсенділік танытты. Іс-шара танымдық әрі қызықты өтіп, қатысушыларға үлкен мотивация берді. Ағылшын тілі онкүндігі аясында алдағы күндері түрлі сайыстар, ашық сабақтар, зияткерлік ойындар мен шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылардың тілге деген қызығушылығы мен цифрлық сауаттылығы арттырылады.

 621191870 2304409080023135 7708794102370581215 n 619671757 2304409243356452 910921466263116245 n 619332334 2304409116689798 5299706198932641168 n 619406076 2304409233356453 9218425047582501984 n