Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті. Бұл онкүндіктің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа ана тілінің маңызын ұғындыру, тілімізге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру болып табылады.
Ашылу барысында оқушылар белсенділік танытып, түрлі танымдық сұрақтарға жауап берді. Онкүндіктің жоспары таныстырылып, алдағы күндерге арналған іс-шаралар туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар, оқушылар тіл туралы мәнерлеп өлеңдер оқып, тіл құдіреті мен оның ұлт руханиятындағы орны туралы әсерлі ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ, шара барысында Алаш зиялыларының өмірі мен шығармашылығы кеңінен сөз болып, олардың қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін дамыту жолындағы елеулі еңбектері насихатталды.






