Отырар ауданы, Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ
Футбол үйірмесінде ашық сабақ
15.05.2025 ж. күні «Сергек» және «Өнер» пән бірлестіктерінің онкүндігі аясында футбол үйірмесінің жетекшісі Қалжанов Ғалымжанның ұйымдастыруымен «Кеңістікте бағдарлау және топтық тактикалық дайындық» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар футболдағы доп алмасу әдіс-тәсілдерін, бір-бірімен ынтымақтаса ойнау мен топтық әрекеттесу дағдыларын меңгерді. Үйірме мүшелерінің спортқа, әсіресе футболға деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жаттығулар мен қозғалыс ойындары ұйымдастырылып, ойын барысында тәртіп, ептілік және жылдамдық қабілеттері дамытылды.
Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытып, спорттық рухты сезіне білді.
Спорт — денсаулық кепілі!
#СӘшіровмектебі #футболүйірмесі #ашықсабақ #Сергекбірлестігі #Өнербірлестігі #спортпендосбол