«С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушы педогогы Б.Тұрсынбаевтың жетекшілігімен 8 сынып оқушыларымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған іс-шаралар жоспары бойынша «Өңір тарихында Тәуелсіздік шежіресі» атты мұражайлар мен көрмелерге экскурсия жасады. Экскурсия барысында оқушылар "Отырар" мемлекеттік археологиялық музей-қорығының Сапар орталығына, ежелгі Отырар қаласына барды."Отырар" мемлекеттік археологиялық музей-қорық РМҚК "Археология" ғылыми-зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері Зияев.М оқушыларды Отырар қалашығының рабад бөлігінде жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарымен таныстырып өтті. Рабад бөлігінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың мақсаты,жұмыс тәсілі мен нәтижелері туралы мәлімет берді. Қазылып жатқан тұрғын үй орамдарының ғасыр кезеңдері мен ерекшеліктерін, табылған қазба материалдарының сараптау тәсілдерін түсіндіріп өтті. Экскурсия барысында оқушылыр туған өлке тарихынан маңызды мағлұматтар алды.
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие_бағдарламасы





