С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
Үйірменің үйретері мол!

Үйірменің үйретері мол!

Үйірменің үйретері мол!

📍 С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-де "Сергек" және "Өнер" бірлестіктерінің онкүндігі аясында

📅 12 мамыр 2025 жыл

«Тігінші қыздар» үйірмесіне ашық сабақ өтті.

Үйірме жетекшісі Шайхысылам Әсия «Құрақтың шетіне шетірмек дайындау» тақырыбында ашық сабақ жүргізді.

🎯 Сабақтың мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып, құрақ көрпенің маңыздылығын түсіндіру. Қазақ дәстүрінде құрақ көрпе қыз жасауына міндетті түрде қосылатын бұйымдардың бірі болып табылады. Ол – «Басы құралсын, малы құралсын» деген ырыммен беріледі.

🧶 Сабақ барысында оқушылар:

  • Құрақтың түрлерімен, олардың атаулары мен жасалу жолдарымен танысты;
  • Шетірмек – құрақтың шетіне тігілетін үшбұрышты мата қиындылары арқылы жасалатыны, оның қазіргі уақытта көрпенің шетіне сән беріп қана қоймай, шеткі тігістердің беріктігін арттыратыны туралы мағлұмат алды.

✨ Ашық сабақ оқушылардың қызығушылығын оятып, қолөнерге деген сүйіспеншілігін арттырды.

📸 Сабақ барысында түсірілген суреттерден ұлттық тәрбиенің, салт-дәстүрге деген құрметтің айқын көрінісін байқауға болады.