С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Қазақстан - Республикам менің!» тақырыбында сурет көрмесін өткізді.

«Қазақстан - Республикам менің!» тақырыбында сурет көрмесін өткізді.

2025 ж 23 қазан күні «С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Республика күнін және мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай жасалған жоспарға сай бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Бекет Мәрзия 2-5-сыныптар аралығында «Қазақстан - Республикам менің!» тақырыбында сурет көрмесін өткізді.

Мақсаты:

Оқушылардың туған жері мен еліне деген сүйіспеншілігін, отаншылдық сезімін қалыптастыру. Еліміздің тарихы мен жетістіктерін бейнелеу арқылы олардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ұлтжандылыққа, бейбітшілік пен бірлікті қадірлеуге баулу, сондай-ақ бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру.

Сурет көрмесіне оқушылар өз елін, табиғатын сүйіспеншілікпен бейнелейтін түрлі мазмұндағы суреттерін ұсынды.

Сурет көрмесіне оқушылар белсенді түрде қатысты. Қорытынды жасалып, жақсы жұмыстарға марапаттау жасалды. 

 569393963 2227103221087055 4329699282786421568 n 571181808 2227103111087066 7058864004777775894 n 571365877 2227103127753731 333324290853913879 n 571182745 2227103174420393 7154610571907619217 n