С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Қош келдің, Жаңа жыл!»

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Отырар ауданының білім бөлімінің «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылар ортасында бірлік пен достықты қалыптастыру, ынтымақтастық атмосфера мен қайталанбас естеліктер жасау, мерекелік көңіл-күй мен жылды қорытындылау мақсатында «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында 9-11 сыныптар аралығында мерекелік тәрбие шарасы өтті.Тәрбие шарасы барысында оқушылар Жаңа жыл мерекесін бірліктің, ынтымақтың, жақсы істер мен жастардың болашаққа деген сенімінің - символы ретінде өз өнерлерімен көрсете білді.

Тәрбиелік шара соңында І жартыжылдық қорытындысы бойынша оқу үлгерімі, тәртібі, сабаққа қатысу мен мектепішілік,аудандық іс-шараларға белсенді, ұйымшылдықпен қатысқан сыныптарды мектеп директоры Ә.Әріпбек Алғыс хаттармен марапаттады.

 603882285 2279703249160385 4019771207913274833 n 605342145 2279703409160369 1422021888966769510 n 605252582 2279703272493716 5226380326050055466 n 605141277 2279703482493695 574954747006668951 n