Отырар ауданы «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25.12.2025 жылы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 5–8 сынып оқушылары арасында «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында жаңа жылдық мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Мерекелік кеш барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады.
Іс-шара соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З. Әміртаев сөз сөйлеп, өнер көрсеткен оқушыларға алғысын білдіріп, толағай табыс тіледі.
Сонымен қатар, І жартыжылдық қорытындысы бойынша сабаққа тұрақты қатысқан, мектепішілік және аудандық іс-шараларға белсенді атсалысқан, мектеп ережелерін толық сақтаған сыныптар аталып, мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды.






