2026 жылғы 19 қаңтарда С. Әшіров атындағы мектепте «Жасанды интеллект дәуіріндегі математика мен информатика» тақырыбындағы «Алгорифм» бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақты математика пәні мұғалімі Жанайдарқызы Сәуле 7 «А» сыныбында алгебра пәнінен «Білімділер еліне саяхат» форматында «Қысқаша көбейту формулалары» тақырыбында өткізді.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Жылы эмоция – сәтті сапар кепілі», «Топқа бөлу», «Билет тексеру», «Фотоаппарат», «Гексаго», «Әлем елдерінен қорытынды сұрақтар» сияқты түрлі әдіс-тәсілдер тиімді қолданылды. Оқушылар тапсырмаларды белсенді орындап, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсете білді.
Ойын элементтері мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін сабақта ұтымды пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді қатысуына оң әсерін тигізді. Сабақ мазмұны жаңартылған білім беру талаптарына сай ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.






