С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Қыста оқы, ойлан, арманда!»

«Қыста оқы, ойлан, арманда!»📚

Балалардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру мақсатында Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы ұсынған «Қыста оқы, ойлан, арманда!» атты қысқы демалысқа арналған гайдбук ұсынылды.

Мақсаты: Қыс мезгілінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Осы жоба бойынша С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектептің 6 "Ә" - сынып оқушылары демалыс уақытында кітаптар оқып, өз қиялын кеңейте білді.

Қыстың әр күні- жаңа мүмкіндік, сондықтан оқуға, ойлауға және армандауға қорықпа!

Қысқы демалысты кітаппен бірге мәнді өткізейік!