С. Әшіров атындағы жалпы орта мектепте қыздарға арналған жиналыс өтті.
Жиналысты қыздар кеңесінің төрайымы К. Қуанбаева жүргізді.
Кездесу барысында ұстаздар оқушы қыздарды:
әдепті, тәрбиелі болуға,
үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге,
мектептің ішкі тәртібі мен ережесін сақтауға,
күнделікті сабаққа жауапкершілікпен дайындалуға,
мектеп формасын сақтап, оқушы бет-бейнесінің жинақы, ұқыпты болуына назар аударуға шақырды.
Жиналыс мазмұнды өтіп, қыздар өз ойларымен бөлісіп, тәлімді пікірлер айтты.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің тәртібін нығайтып, білімге деген құлшынысын арттыра түсетіні сөзсіз.