С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Lesson Study: мұғалімдер жұмысында сабақты зерттеуді қолданудың теориясы мен тәжірибесі»

«Lesson Study: мұғалімдер жұмысында сабақты зерттеуді қолданудың теориясы мен тәжірибесі»

Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және Отырар аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 11.12.2025 жылы мұғалім тәжірибесін жетілдіруге бағытталған «Lesson Study: мұғалімдер жұмысында сабақты зерттеуді қолданудың теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында зерттеу сабағы өтті.

Зерттеу сабағын 7-ә сыныбында География пәні мұғалімі Бабаш Ғалымжан өткізді. Сабақты бақылауға арнайы құрылған мұғалімдер тобы қатысты. Сабақ аяқталғаннан кейін қатысушылар арасында рефлексивті талдау жүргізілді.

Магнитті мектептер — “Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия”, Жамбыл атындағы мектеп-лицейі және жетекші мектеп Қ. Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп арасында бірлескен жоспарлау жұмыстары талқыланды.

Топтық жиындыТүркістан облыстық білім беруді дамыту орталығының әдіскері Нарымбетов Мақсат жүргізді.

 

 596497556 2267799487017428 7523063700866162548 n 597780462 2267799710350739 2470422612897872922 n 598597096 2267800050350705 6869641790851883075 n