С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
 Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тағзым шарасы өтті

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тағзым шарасы өтті

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тағзым шарасы өтті

2025 жылдың 3 мамырында Отырар ауданы білім бөлімінің "Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Айғақ» телеарнасының бас редакторы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш мырза әріптестерімен бірге арнайы келіп, Кеңес Одағының Батыры Сейітқасым Әшіровтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті.

Дулат Әбіш мырза өз сөзінде Ұлы Отан соғысы кезінде майдан даласынан оралмаған жауынгерлердің туған топырақтарына қайта жерленіп жатқаны және бұл бағытта іздестіру, зерттеу жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын атап өтті.

Бұл тағылымды кездесу – өскелең ұрпаққа ерлік пен елжандылықтың өнегесін насихаттау жолындағы маңызды қадам болды.