С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

Мектебім – мейірім мекені” атты сынып сағатына жиналды.

1 Қыркүйек – еліміздегі әрбір шәкірт үшін ерекше мереке, жаңа оқу жылының басталатын қуанышты күні. Осы күні С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектебінің 3 "А" сынып оқушылары өздерінің сүйікті мектептерімен қайта қауышып, “Мектебім – мейірім мекені” атты сынып сағатына жиналды.

Сынып сағаты барысында оқушылар мектептің – білімнің, достықтың, мейірімділік пен тәрбиенің ордасы екенін ұғынып, ұстаздарға деген құрметін білдірді. Олар бір-біріне жақсы тілектер айтып, білім алуға, тәртіпті болуға, достықты қадірлеуге уәде берді. Сынып жетекшісі Әбішова Жанааткүл Темірханқызы балалардың жаңа оқу жылына деген дайындықтарын пысықтап, алдағы жылы талмай еңбек етуге шақырды. Сондай-ақ оқушыларға қауіпсіздік сабағының негізінде «Төтенше қызмет нөмірлері» тақырыбында мағлұматтар берілді. Оқушылар мектептің – мейірім мен махаббаттың ордасы екенін тағы да сезінді. Сынып сағаты жылы жүзді, ынтымақ пен шынайылыққа толы жағдайда өтті.

 

0:00 / 1:23