С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Өнерлі бала-өрге жүзер» тақырыбында  қолөнер және сурет көрмесін өткізді.

«Өнерлі бала-өрге жүзер» тақырыбында қолөнер және сурет көрмесін өткізді.

672670485 2373408436456532 4690599956960170876 n672677249 2373408499789859 6440391776942634930 n672680175 2373408463123196 2553202650514766676 n

«С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің еңбекке баулу және бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі Бекет Мәрзия Әміртайқызы «Өрімтал» бастауыш сыныптар пән әдіс бірлестігінің

«Сапалы білім мен жасанды интеллект-зияткер ұрпақ негізі» атты онкүндігі аясында 2-4 сынып оқушылары арасында 15 сәуір күні «Өнерлі бала-өрге жүзер» тақырыбында қолөнер және сурет көрмесін өткізді.

Көрменің мақсаты-оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өнерге қызығушылығын арттыру және эстетикалық талғамын қалыптастыру. Көрмеге қатысқан оқушылар өз қолдарымен жасаған түрлі бұйымдар мен әсем суреттерін ұсынды.

Көрме барысында:

-табиғи материалдан жасалған жұмыстар,

-түрлі материалдардан жасалған қолөнер жұмыстары,

-бояумен салынған көркем суреттер ұсынылды.

Барлық қатысушылар белсенділік танытып, өз өнерлерін көрсете білді. Мұндай шаралар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, әсемдікті бағалауға тәрбиелейді.

Көрмеге қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз!

Өнерлерің өрге жүзе берсін!