С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сергек» әдістемелік бірлестігінің «Спорт – серігіміз, денсаулық – болашағымыз» тақырыбындағы онкүндік аясында 2026 жылдың 28 сәуірі күні теннис үйірмесінің жетекшісі Әйменов Жаңабай 6–9 сынып оқушыларына «Ракетканы ұстау әдіс-тәсілдері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында қауіпсіздік ережелері жан-жақты түсіндіріліп, оқушыларға ракетканы ұстаудың негізгі түрлері – Shakehand және Penhold әдістері үйретілді. Сонымен қатар, оқушылар дұрыс ұстау техникасын тәжірибе жүзінде орындап, өз дағдыларын жетілдірді.
Ашық сабақ оқушылардың қызығушылығын арттырып, спортқа деген ынтасын оятуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.









