С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Рахмет саған, Әліппе!»

«Рахмет саған, Әліппе!»

19 желтоқсан күні С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектебінде 1 «А» сынып оқушылары бар білімнің бастауы болған Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету мақсатында «Рахмет саған, Әліппе!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында «Үйретеді мектеп» әні айтылды. Сынып оқушылары «Әліппе» биін биледі. Оқушылардың шырқаған «Мектебім менің мақтаулы», «Көк әліппе», «Ана тілі», «Әліппемен қоштасу» әндері көрермендердің көңілінен шықты. Қорытынды бөлімде ата-аналар мен бала арасындағы қатынасты байқау мақсатында «Тәтті шай» ойыны ұйымдастырылды. Алдын ала дайындалған жазулар арасынан аналарымыз өз баласының жазуын танып, жазылған цифрлар арқылы сәйкестігін анықтауы тиіс. Ойын өте қызықты өтті. Қорытынды сөзде мектеп басшылығы мен ата-аналар балаларға табыстар тіледі. Ата-аналар балаларға әріп үйретуден жалықпаған алғашқы ұстаздары Байдуллаева Ақнұрға, балалардың формасын ұлттық нақышпен әдемілеп тігіп, дер кезінде кигізген Шайхысламова Әсия апайға, музыкамен сүйемелдеуші Ақтөрееев Әділ ағайға алғысын білдірді.

 599501415 2274051909725519 9158609705320385187 n 601849659 2274052343058809 9113879942895775814 n 599709697 2274052153058828 3499553591070644675 n