Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 9 «Ә» сыныбында мазмұнды да тағылымды сынып сағаты өтті. Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру, тәуелсіз елдің тарихын құрметтеуге, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды.
Іс-шара барысында Тәуелсіздікке қол жеткізудің тарихи жолы, Желтоқсан оқиғасының маңызы, Желтоқсан оқиғасының құрбандарының ерліктері, еліміздің жеткен жетістіктері туралы кеңінен айтылды. Оқушылар Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, Тәуелсіздік жылдарындағы маңызды оқиғалар жөнінде өз ойларын ортаға салып, еліне деген жүрек жарды тілектерін айтты.
Сынып сағаты оқушыларға ерекше әсер қалдырып, олардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттырды. Жас ұрпақтың тәуелсіздіктің қадірін түсініп, ел болашағы үшін білім алып, адал қызмет етуге дайын екені байқалды.
Тәуелсіздік – халқымыздың ең қастерлі құндылығы. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы оқушылардың жүрегіне елге деген мақтаныш сезімі ұялай беретіні сөзсіз.
Сынып жетекшісі: Ертай Роза





