«Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Сартай Дана 2025 жылы қазанның 7-ші жұлдызында 4 «Ә» сынып оқушыларымен (бөліп оқыту) орыс тілі пәнінен «Советы отца» тақырыбында жоспарлы ашық сабағын өткізді.
*Сабақ мақсаты:* есімдіктің (местоимение "ты") түрленуін анықтау.
Сабақ барысында түрлі тапсырмалар бойынша жұмыстар жүргізілді. Білім алушылар жаңа сөздермен танысып, сөздердің айтылуы мен жазылуын білді. Сабақ барысында оқушы "десятка" (шкала 10 б.) әдісімен өзін-өзі бағалап отырды.Тақта және дәптермен жұмыстар жүргізілді. Сабақ соңында оқушылар “десятка” әдісі арқылы кері байланыс беріп, өз әсерлерімен бөлісті.










