17 қазан күні С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектебінің 3 «Ә» сынып жетекшісі Күнпейіс Әсемкүл Қалпейісқызы қазақ тілі пәнінен «Ц дыбысы » тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ мақсатына сай құрылып,оқушылардың ц дыбысының қатаң дауыссыз дыбыс түрін толық меңгергендігі байқалды.Сабақ барысында оқушылар белсенді түрде қатысып,өз ойларын толық,еркін жеткізе алды. Оқушыларға ұжымдық, топтық,жеке жұмыс ретінде тапсырмалар берілді.Сабақта «Жұмбақ», «Менің ойымша», «Мен білемін!» әдістері және «Орнын тап» ойыны жүйелі ұйымдастырылған.Ц дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдаулар жасатылды.Сабақ барысында жауап берген оқушылар «Домбыра» әдісі арқылы өз-өздерін бағалап отырды. Оқушыларға жеке жұмыс ретінде тапсырмалар берілді.Ц және с дыбыстарын өзара салыстырды. «Акробаттар», «Шабандоздар», «Клоундар» тақырыбы бойынша олардың цирктегі қызметтерін топта талқылады.Мұғалім әр оқушының сабаққа қатысуына көңіл бөліп, кері байланыс берді.Сабақ мақсатына жетті.
Новости










