С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2026» мектепішілік байқауы

«С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 02.02.2026ж шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың біліктіліктілігін айқындау, олардың ғылыми-әдістемелік қызметін ынталандыру мақсатында мектепішілік «Үздік мұғалім-2026» байқауы өткізілді

«ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2026» мектепішілік байқауы

І. Өзін-өзі таныстыру.

«Менің мектебім», менің кәсіби жетістіктерім» тақырыбында өзі-өзі электрондық видеоролик қолдану арқылы таныстыру.

ІІ. «Менің білім берудегі бастамам», «Менің идеям», «Менің шығармашылық инновациям» тақырыптарында мұғалімнің өз пәні бойынша әдістемелік жұмыс жүйесін көрсетуі, ЖИ-ні өз тәжірибесінде пайдалануы, жұмыс нәтижесі жайында презентация қорғау

ІІІ. Педагогика саласына байланысты сұрақтарға жауап беру

ІV. Қорытынды, марапаттау турлары бойынша өткізілді.

Қазылар алқасы байқау қатысушыларын әр тур бойынша бағалап отырды. Нәтижесінде мектепішілік «Үздік мұғалім-2026» мектепішілік байқауының І орын жүлдегері математика және информатика пәнінің мұғалімі Сейітбекова Мақпал аудандық байқауға жолдама алды.

 626317307 2310700136060696 8809709823429909136 n 625032386 2310700162727360 4676025409491903443 n