С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

📍 Отырар ауданы, Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ

📅 15 мамыр 2025 жылы

🔔 Аудандық білім бөлімінің 13.05.2025 жылғы №41-10/606 хатына сәйкес мектебімізде «Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар: өзектілігі және шешу жолдары» тақырыбында жалпыұлттық ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, өткізілді.

🗣 Жиын барысында мектептің педагог-психологы Ү. Райханова отбасы тәрбиесінде маңызды рөл атқаратын құндылықтар, олардың маңыздылығы мен туындайтын мәселелерді шешу жолдары туралы мазмұнды баяндама жасады.

👨‍🏫 Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З. Әміртаев жазғы демалыс кезінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіптің алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

🎓 Мектеп директоры Ә. Әріпбек ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасына сәйкес «Білімім – Отаныма» атты мектеп бітіру іс-шарасының өткізілу тәртібі туралы хабарлама жасап, жиналысты қорытындылады.

🔹 Бұл кездесу – ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, оқушы тәрбиесінде бірлесе жұмыс істеудің маңызды алаңы болды.