"С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15.05.2026ж 6 «Ә» сынып жетекшісі Ф.Турымбетова «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға жаз мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіру, өмір қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастыру және түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу.
Іс-шара барысында суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік, жолда жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі, электр құралдарын пайдалану, күннің ыстығынан сақтану және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі сақтық шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.
Сынып сағаты оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсінуіне ықпал етті.





