Бүгін біз үшін ерекше, қуанышты сәт!
Ауыл балаларына арналған республикалық олимпиаданың III орын жеңімпазы — Қалдыбай Таңшолпан Айдосқызы туған мектебінде зор мақтанышпен қарсы алынып отыр.
Бұл — тек бір оқушының емес,
бүкіл мектептің, ауылдың, ұстаз еңбегінің жемісі.
Таңшолпанның табандылығы, білімі мен таланты
ел үмітін ақтаған үлкен жеңіске айналды.
Осы жарқын жетістікте бағыт-бағдар беріп,
шәкіртінің биік белеске көтерілуіне үлес қосқан
жетекшісі — Куанбаева Қаракөз Султанбекқызына
айрықша алғыс білдіреміз.
Таңшолпан,
жұлдызың әрдайым биіктен жарқырай берсін!
Алдағы асулар да бағындырылар биік жеңістерге толы болсын!
Қош келдің, жеңімпаз! ![]()





