С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Әжелер сөзі - тәрбие көзі»

«Әжелер сөзі - тәрбие көзі»

Отырар ауданы білім бөлімінің «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектебінде бастауыш сынып оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Кушерованың ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Даналық клубы» «Әжелер ұйымының» жоспарына сәйкес «Әжелер сөзі - тәрбие көзі» атты тәрбие шарасы өткізілді. Іс- шараға Қоғам ауылының «Әжелер ұйымының» мүшелері, мектеп мұғалімдері мен 7-11 сынып оқушылары қатыстырылды.

Мақсаты: әжелердің ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру. Қазақи салт дәстүрді, үлкенді сыйлау, ізеттілік, инабаттылықты насихаттау. Іс шара барысында әжелердің өнегелі өмірінен сыр ақтарды, «Сыр сандық» сұрақ -жауап айдарында тәрбиеге байланысты сұрақтарға жауап беріп, ақыл кеңестерін ортаға салды. Салт -дәстүрді насихаттау барысында «Бесікке салу» және «Тұсау кесер» рәсімдері жасалынды,оқушыларға әжелер ақ баталарын беріп, дән риза болды.

588318586 2251855081945202 5122972305557552450 n 586437578 2251855078611869 5100734431388987055 n 586449971 2251855418611835 5225097664356910853 n   586418879 2251855278611849 6733564697101098176 n