С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
Жетістіктеріңіз арта берсін, жас спортшылар!

Жетістіктеріңіз арта берсін, жас спортшылар!

Отырар ауданы

Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-де

2026 жылғы 6 ақпанда Әуебеков Оңалбек Өтебайұлы атындағы спорт залынан шыққан спортшыларды марапаттау рәсімі өтті.

Атап айтқанда, қазақ күресі мен самбо күресі бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатына жолдама алған

Қуанышбай Мирас, Сыпа Қазына, Нысанәлібек Сырым марапатталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы спорт шеберлігіне кандидат атағы төмендегі 10 спортшыға берілді:

Қасымқұл Рахым, Нысанәлібек Сырым, Таңатар Асылжан, Мәжит Рамазан, Сыпа Бейбарыс, Ержігіт Мансұр, Сембек Диас, Тұрарбеков Ернұр, Қуанышбай Мирас, Мейірқұл Ерасыл, Қуанышбай Жарас.

Аталған спортшыларды жоғары деңгейде дайындаған жаттықтырушылар

Өскенбай Абылайхан мен Жұмагелдиев Бурахан ағайларға мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз.

Сондай-ақ, гандбол және тоғызқұмалақ спорт түрлері бойынша облыстық аймақтық кезеңнен І орын иеленіп, облыстық жарысқа жолдама алған оқушыларымыз да марапатталды.

Іс-шара барысында мектеп директоры Ә.Әріпбек жеңімпаз спортшыларды құттықтап, алдағы облыстық жарыстарда сәттілік пен жеңіс тіледі.

🏆 Жетістіктеріңіз арта берсін, жас спортшылар! 💪

627207139 2314065152390861 5085111663229192035 n 627483425 2314064939057549 460225671352524168 n 627745594 2314064935724216 8175490295319070733 n 628417567 2314064972390879 4126143977983583259 n