Отырар ауданы білім бөлімі "Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2 «Ә» сынып жетекшісі: Пәрменқұл Гүлнұр Досыбайқызы 1 қыркүйек- Білім күніне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы – адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында біріңғай сынып сағатын өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты:
Оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы түсінік беру, Ата Заңның ел өміріндегі маңызын ұғындыру. Конституциялық құқықтар мен міндеттерді білуге, заңды құрметтеуге, адалдыққа, жауапкершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Зерделі, білімді және жауапты азамат қалыптастыру. Заң мен тәртіп – еліміздің тыныштығы мен бірлігінің негізі. Әр бала кішкентайынан тәртіпті болып, заңды құрметтеуді үйренсе сонда еліміз гүлденіп, болашағымыз жарқын болады.







