Отырар ауданы «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 1 қыркүйек күні «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілді.
Мерекелік іс-шараны мектеп директоры Әріпбек Әділхан ағайымыз ашып, ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Өз сөзінде білім мен тәрбиенің маңыздылығына тоқталып, мектеп ұжымына шығармашылық табыс, ал оқушыларға білім жолында биік белестер мен жарқын жетістіктер тіледі. Сондай-ақ білім беру саласында еңбегімен ерекшеленіп, түрлі жетістіктерге қол жеткізген ұстаздарды марапаттап, олардың еңбегіне алғысын білдірді.
Салтанатты жиынға аудандық білім бөлімінің әдіскері Жақсыбаева Манат, С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектептің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Сапарбаев Жұмабай, ата-аналар комитетінің төрағасы Әбзейітов Әнуарбек және Қоғам ауылдық округі әкімшілігінің іс басқарушысы Жүзейов Жасұлан қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып бүлдіршіндеріне ақ жол тілеп, олардың мектептегі әрбір күні қуанышқа, қызықты жаңалықтарға, жаңа білім мен жарқын жетістіктерге толы болсын деген жүрекжарды лебіздерін жеткізді.









