Тіліңізді таңдаңыз

С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Тіл – халықтың жаны» тақырыбында мерекелік іс-шараның салтанатты ашылуы өтті.

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай мектебімізде «Тіл – халықтың жаны» тақырыбында мерекелік іс-шараның салтанатты ашылуы өтті.
Шара шымылдығы тілдің қадір-қасиетін дәріптеген тағылымды жыр жолдарымен түрілді. Оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқып, тілге деген құрметі мен сүйіспеншілігін жеткізді. Үш тілде өрілген жыр шумақтары достық пен татулықтың, өзара сыйластық пен бірліктің жарқын көрінісіне айналды.
Кештің ерекше әсерлі сәттерінің бірі – халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнінің екі тілде шырқалуы болды. Ұлы ақынның жүрекке жылы әні екі тілде орындалып, көпшілікке ерекше әсер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Бұл мерекелік шара тілге деген құрметті арттырып, жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен елжандылықты сіңірген тағылымды басқосу болды.
Тіл бар жерде – ұлт бар, ұлт бар жерде – рух бар.
Ана тіліміздің абыройы асқақтап, мәртебесі мәңгі биік болсын! 🇰🇿✨
 798182040 2503296606801047 8224436165427238802 n 798272755 2503296603467714 8265763483628753803 n