С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

1 қыркүйек – Білім күні!

1 қыркүйек – Білім күні! ✨📚

Бүгін С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жаңа 2025-2026 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шара «Мектебім – мейірім мекені!» тақырыбында ұйымдастырылып, оған 1-сыныптың жас бүлдіршіндері мен 11-сынып түлектері қатысты.

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары С. Бабашов, сондай-ақ ата-аналар комитетінің төрағасы Бейсее Орынбек пен Қоғам ауылдық әкімшілігінің бас маманы, іс басқарушысы Тасов Жасұлан Қалдыбайұлы жиналғандарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

📊 Өткен оқу жылының нәтижелері:

Барлығы: 21 сынып-комплект, 392 оқушы

Үздіктер: 77 оқушы

Екпінділер: 124 оқушы

Білім сапасы: 56,7 %

Орта балл: 3,9

Мектепалды даярлық: 2 топта 40 тәрбиеленуші

Негізгі орта білім: 5 оқушы «Үздік» аттестат алды

11-сынып түлектері: 34 бітіруші, оның ішінде 5-і «Алтын белгі», 2-і «Үздік» аттестат иегері

👩‍🏫 Педагогикалық құрам – 84 мұғалім:

1 педагог-шебер

26 педагог-зерттеуші

22 педагог-сарапшы

21 педагог-модератор

14 – жалпы санатты ұстаз

🎶 Салтанатты жиында патриоттық әндер шырқалып, оқушылар өлеңдер оқыды. 1-сынып бүлдіршіндерінің алғашқы қоңырауы ерекше қуанышқа бөледі.

📌 Жаңа оқу жылы барша ұстаздар мен оқушылар үшін табысты әрі жемісті болсын!

 

536279614 2179682355829142 8559976603749622876 n 540532108 2179682325829145 4265168310779764702 n 539703459 2179682139162497 1613093181620601290 n541855116 2179682079162503 5966645421685346888 n540532075 2179682155829162 8425819281384886379 n540510090 2179682282495816 8721469503762450098 n