01.0925жылы 1-Қыркүйек" Білім күні" мерекесіне орай"Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 4"А"сынып жетекшісі Бексеиіт Анаркүл Жалғасбекқызы "Мектебім - мейірім мекені"атты сынып сағатын өтті.Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларды мектепке деген сүйіспеншілікке,ұстаз еңбегін бағалауға, мейірімділікке,достыққа,білімге құштарлыққа тәрбиелеу.Мұғалім сабақты ағартушы ұстаз Ы.Алтынсарин атамыздың сөзімен бастады."Кел, балалар,оқылық!"Өлеңді балалар жатқа мәнерлеп оқыды.Одан әрі оқушылар көздерін жұма отырып, "Қиял әлеміне"шолу жасап,берілген сұрақтарға жауап берді."Мен мектепке келгенде......"
Ұстазым мен үшін........"
Мектеп мен үшін........."
"Мейірім бұрышы"айдарында, оқушылар жүрекшелерге сыныптас достарына жаңа оқу жылына жылы лебіздерін жазып білдіреді."Алғашқы қазақ мектебі "видеоролигін тамашалап,тарихқа шолу жасалды.Видеороликтен алғаш қазақ даласында мектеп ашқан Ы.Алтынсарин туралы ақпарат берілді.Оқушылар екі топқа бөлініп,постер қорғады.1-топ- Егер мен алғашқы қазақ мектебінде оқысам..."2- топ "Заманауи мектептің артықшылығы...."сыни ойлау, елестету арқылы оқушылар постерді қорғап шықты.Сабақ қорытындыланып,кері байланыс берілді.