8 наурыз - Ұлттық киім күні.
Бүгін "С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық киім күніне орай ұйымдастырған көңілді челленджді қабыл алыңыздар.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары ұлттық нақыштағы киім киіп, ата-бабадан мирас болып қалған асыл мұрамызды насихаттады. Әрбір ұлттық киімнің өрнегі мен сәнінде халқымыздың тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрі көрініс табады.
Бұл бастама – жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық сезімді қалыптастырып, төл мәдениетімізді құрметтеуге тәрбиелеудің жарқын үлгісі. Ұлттық киім – тек сән ғана емес, ол ұлттың болмысы мен рухын танытатын құндылық.
Осындай игі шаралар арқылы ұлттық мұрамызды дәріптеп, кейінгі ұрпаққа аманат ету – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Ұлттық құндыдылықтарды бірге дәріптеп, дәстүрімізді бірге ұлықтайық.






