С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Ал, қанекей қыздар!» атты мерекелік іс-шара өткізді

«Сейітқасым Әшіров» атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбішова Жанаткүл 07.03.2025 жылы 8 Наурыз аналар мерекесіне орай 2 «А» сыныбының қыздары арасында «Ал, қанекей қыздар!» атты мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты: қыздардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Қыз балаларды ұжымдық жұмысқа баулу. Оларды тапқырлыққа әдептілікке, ананы құрметтеуге тәрбиелеу.

Іс-шара «Қызғалдақ», «Жауқазын» топтары арасында сайыс түрінде өтілді. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Сайыс топ мүшелерінің өздерін таныстырудан басталды. Өнер көрсету кезеңінде қыздар бірі сурет салып, бірі қағаздан гүл жасап, бірі өлеңді мәнерлеп оқудан, бірі спорттық өнерлерін ортаға салу арқылы, жаңа қырларынан таныла білді. Лездік сұрақтарға жауап беру кезеңінде әр қыз гүлді таңдай отырып, сұраққа жауап берді. «Тіл өнері» кезеңінде суретті мақал-мәтелдерден жасырылған сөздердің жауабын таба білді. «Сұлулық сыры» кезеңінде қыздарымыз өздерінің жас ерекшеліктеріне сай көктемдік, жаздық сәндік киім үлгілерін көрсетті.

Іс-шара соңында әділ-қазылар қыздардың жұмыстарына баға беріп, сайыстың қорытындысы шығарылды. Сайысқа қатысушы қыздар Алғыс хаттармен марапатталды.

482209195 2034021723728540 2867133399178235971 n482238348 2034021823728530 2589018851120756702 n483486108 2034021937061852 5718190527256650672 n