Ұлтымыздың ұлы ойшылы, халқымызды білім мен өнерге үндеген дара тұлға Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойы еліміз үшін ұлы мереке. Оның әрбір сөзі-ғасырдан ғасырға жол тартқан аманат. Бүгінгі ұрпақ-Абайдың жолын жалғар мұрагер. «С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы қазақтың дана да, дара ақыны Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін, әндерін жас ұрпақтың бойына сіңіріп, барша қазақстандықтарды Абай мұраларын оқуға, білуге шақырамыз. Абай біздің жүрегімізде! Абай мұрасын бірге дәріптейік!