С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Адал азамат" бағдарламасы аясындағы сайлау іс-шарасы

Адал азамат" бағдарламасы аясындағы сайлау іс-шарасы

"Адал азамат" бағдарламасы аясындағы сайлау іс-шарасы

2025 жылдың 17 қазан күні Отырар ауданының білім бөліміне қарасты Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Адал азамат” бағдарламасы аясында “Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының құрылымын сайлау” іс-шарасы өтті.

🎯 Мақсаты:

Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін ізгілендіру, ұжым өмірін жариялылық пен еркіндікке негіздеу арқылы оларды қоғам мен мемлекетті басқару тетіктеріне бейімдеу, сондай-ақ өзін-өзі басқару ұйымының белсенді мүшелерін анықтау.

Іс-шара барысында президенттікке үміткер оқушылар өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Сайлау жекелеп дауыс беру арқылы әділ түрде өткізіліп, нәтижесінде ең жоғары дауыс жинаған 10-сынып оқушысы Қалдыбай Ақмаржан мектеп президенті болып сайланды.

🎉 Жаңа президентті шын жүректен құттықтаймыз!