С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
"Адалдық – менің таңдауым"

"Адалдық – менің таңдауым"

2025 жылғы 28 сәуір күні С. Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектепте "Заң және тәртіп" идеологиясы аясында жастар арасында академиялық адалдықты ілгерілету мақсатында кешенді жоспар жасалып, жүзеге асырылуда. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адами құндылықтарды қалыптастыру және білім алушылардың академиялық адалдық ұстанымдарын нығайту.

Кешенді жоспар аясында 6-сынып оқушылары арасында "Адалдық – менің таңдауым" тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, адалдықтың маңыздылығы, оның адамның өміріндегі алатын орны туралы толғаныстарын қағаз бетіне түсірді. Эссе жазу арқылы оқушылардың жазу мәдениеті мен сыни ойлау қабілеттері дамытылды, сонымен қатар әр бала өз өмірлік ұстанымын айқын көрсете білді.

Шара соңында үздік шығармалар анықталып, жеңімпаздарға марапаттар табыс етілді. Мұндай байқаулар оқушыларды адалдыққа, әділдікке тәрбиелеумен қатар, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға да зор ықпал етеді.