17.02.2026 ж күні С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектептің Қазақ күрес үйірме жетекшісі Құрманов Айбатыр Жас мамандар онкүндігінің жоспарына сай "Арқан тарту" тақырыбында 5-6 сынып оқушыларымен ұлттық ойыны ұйымдастырылды. Сабақ барысында Оқушылар екі топқа бөлініп, ойын ережесі түсіндірілді. Ойын барысында оқушылар ұйымшылдық, төзімділік және бірлік қасиеттерін көрсетті. Бұл кезең сабақтың мазмұнын байытып, оқушылардың белсенді қатысуына және жағымды эмоциялық ахуал қалыптастыруға ықпал етті.Сабақ соңында мұғалім қорытынды жасап, негізгі оқу мақсаттары бойынша кері байланыс жүргізді. Оқушылар өз пікірлерін айтып, сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.






