С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
"Армысың,әз-Наурыз"

"Армысың,әз-Наурыз"

С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектептің 1"А" сынып жетекшісі Айдарбекова Раушанның жетекшілігімен, сынып оқушылары және ата-аналардың қатысуымен, наурыздың 20 –сы күні жоспарлы "Армысың,әз-Наурыз"атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты:Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен әдет ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап ұрпақтардың өз ұлтының деген сүйіспеншілігін арттыру. Балалар Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мерекесіне арналған өлеңдер оқып, ән шырқап, би биледі. Ата-аналардың қатысуымен «Бесікке салу» және «Тұсау кесер» рәсімі көрсетілді. Асылым қызымыз бен анасы Розаның орындауындағы «Ана мен қыз» әні көптің көңілінен шықты. Ұлттық ойындардың да түлеріне де шолу жасалынып өтті. Ұлдардың арқан тартысы мен бәйге ойыны көпті қызықтырып, қошеметке ие болды. Осындай тәрбие сағаттары оқушылардың ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттырып, қазақ халқының бай мұрасының дәріптеуге зор үлес қосатынына сеніміміз кәміл. Наурыз мерекесі құтты болсын! Ұлыс оң болсын!

485059470 2044637946000251 9007107080989561702 n484977082 2044637752666937 2012070283156417370 n485061079 2044638079333571 6881415806663348485 n